Өлкетану мұражайының «Мұражай керуені» көшпелі көрмесі өтті

2025 жылдың 25 сәуірінде Әулиекөл ауданы мәдениет үйінде көрнекті ғалым, этнограф, саяхатшы, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған Қостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайының «Мұражай керуені» көшпелі көрмесі өтті. Ш.Уәлихановтың көшпелі көрмесіне мектебімізден барған оқушылар үшін өте әсерлі болды. Оқушылар қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне терең үңіліп, Ш.Уәлихановтың зерттеу жұмыстарының маңыздылығын түсінді. Көриедегі ескі фотосуреттер, карталар мен экспедициядан қалған жәдігерлер балалардың ерекше қызығушылығын оятты. Бұл көрме оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, Ш.Уәлихановтай ұлы тұлғалардан үлгі алуға шабыт берді.


