Челлендж «Сарбазға хат»

Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай «Сарбазға хат» атты челленджге біздің мектеп ат салысты. Мектеп оқушылары ел қорғап жүрген сарбаз ағаларына жүрекжарды хаттар жазды.
Әр хатта – шынайы алғыс, тілектер мен баталар. Оқушылар өздерінің жүрегіндегі сезімдерін, ризашылықтарын ақ параққа түсіріп, сарбаздарға рух беретін сөздермен жеткізді.
Батырларымызға мың алғыс!
Сіздердің ерліктеріңіз – біз үшін үлгі!




