Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай «Сарбазға хат» атты челленджге біздің мектеп ат салысты. Мектеп оқушылары ел қорғап жүрген сарбаз ағаларына жүрекжарды хаттар жазды. Әр хатта – шынайы алғыс, тілектер мен баталар. Оқушылар өздерінің жүрегіндегі сезімдерін, ризашылықтарын ақ параққа түсіріп, сарбаздарға рух беретін сөздермен жеткізді. Батырларымызға мың алғыс! Сіздердің ерліктеріңіз – біз үшін үлгі!



